Новости

ЖОҢҒАР ШАЛДЫ ҚҰТТЫҚТАП АЛАҢҒА ЖИНАЛ!

Бүгін рұқсат етілген шалдың туған күніне міндетті түрде құттықтап бару керек. Қазір халықты алдын-ала ұстап, түрмеге қамап жатқан тәртіп сақшылары, демек шалдың туған қүніне қарсы ма?

Құрметті достар, ешнәрседен қорқудың керегі жоқ. Шал мен оның құлдарынан сіздер емес, керісінше олар сіздерден қорқуы керек.

Біз көппіз, олар аз. Қазір онсызда шал қорыққанынан жаны мұрнының ұшында тұр. Ол қатты әбіржулі. Шалды біз өз қорқынышының құлына айналдырып, қақпанға түсіруіміз керек!

Байқасаңыздар олардың халықтан қорқатыны соншалықты күн сайын неше түрлі күлкілі масқара әрекеттер жасап, бүкіл әлемге күлкі болуда. Шал мен биліктің, қазіргі кезде халықтың алдында ешқандай абыройлары қалмады. Өз халқына қарсы саясат жүргізген, бірде-бір қорқақ биліктің, тарихта ешқашанда қадірі болмаған. Оларда құны да жоқ. Сіздерді қазір осындай өз халқының алдында ешқандай абыройы жоқ ұры, жемқор тобырлар басқарып отыр. Сіздер бүгін олардың қорқақ әрекеттерін тамашалау үшін, міндетті түрде шалды туған күнімен құттықтап, мейрам алаңдарына баруларыңыз керек!

Ең жаманы шалдың адам төзгісіз қорлығына шыдап жүре беруден артық қорлық жоқ. Негізі біздің халық, ешқашанда жаудан беті қайтпаған. Жетпіс сегіздегі алжыған, жоңғар шалдан қорқып алаңға шықпай отыра беру, намыс пен арға сын!
Бабаларымыз айтып кеткен «Ұлың болса шоқ болсын, шоқ болмаса жоқ болсын!» деп. Біз негізі отты
батырлардың ұрпағымыз! Сіздер рухтарыңыздың шығу тегі, от екенін неге естен шығардыңыздар?!

Өздеріңіздің от екендеріңізді қайта еске алатын уақыт келді. Отты рухтарыңызды өшіріп, құлға айналдыруға жол бермеңіздер!

ОЯН ҚАЗАҚТЫҢ ОТТЫ ҰЛДАРЫ МЕН ОТТЫ ҚЫЗДАРЫ!
ОЯН ҚАЗАҚ!

ЖОҢҒАР ШАЛДЫ ҚҰТТЫҚТАП АЛАҢҒА ЖИНАЛ!

Мухтар Аблязов