Аналитика

ҚЫТАЙ АЗАПТАУ САЯСАТЫН ҚОЛДАҒАНЫ ҮШІН ҚАЗАҚСТАНҒА АЛҒЫСЫН БІЛДІРДІ

Жақында елордамыздың атауы көзді ашып жұмғанша Нұр-Сұлтан болып ауысканына біздің азаматтарымыз таң қалды. «Парламент» Назарбаевтың тілегін мақұлдағаннан кейін, бірнеше сағатта қаланың жаңа атауын таққан маңдайша жазулардың пайда болуы да таң қалдырды. Бұл сандырақ кеше қалыптасқан жоқ. Көптеген жылдар бойы ел азаматтары өздерінің материалдық әл-ауқатына қызығушылық танытатындықтан, саясатқа мүдделі емес екенін айтты. Олар Жаңа Өзенде болған окиғаға көздерін жұмып, үнсіз қалды. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша қала тұрғындары атылды. Тіпті балаларға арналған жәрдемақылардың көбеюін талап еткен аналар да тұрғын үй мәселесін шешуді талап етті де, шындықты айтудан аулақ болды . Барлық мәселелер Назарбаевтың шексіз билігінің, мафиялық саяси жүйесінің кесірінен. Абсолютті билік Назарбаевты еліміздің және халықтың қажеттіліктеріне мүлдем керең және соқыр кылды. Міне, ол наразыларға зиратта серуендеп , соған риза болуды ұсынды : бәрібір өлілердің жағдайы бұдан нашар! Кейбір қазақтар айтқандай:

Шүкір, Тәуба, патшаға қарсы шығуға болмайды, ең бастысы жұрт аман, ел тыныш болсын, осының өзіне қанағат етейік 🙂

Шалдың алжуы күшейді. Шетсіз шексіз былыққа айналды . Бірақ неге бұл көптеген адамдар үшін күтпеген жағдай, неге көптеген адамдар тек қазір ашық наразы бола бастады? Ол бүкіл елдің көз алдында ондаған миллиард доллар ұрлады, ал бүкіл ел үнсіз калды . Оның туыстары мен билік жөніндегі орынбасарлары елде ұрланған миллиардтарды ашық көрсеткен кезде де үн шығармады . Оның үстіне, оны мақтап, оған ән арнады, ескерткіш қойды . Қытай Қазақстанның мұнай саласының 40% үлесіне ие болған кезде үндемеді.

Оппозиция көшбасшыларын өлтіріп, түрмеге отырғызған кезде де үндемеді . Енді Қытай Елбасына жүздеген мың қазақты азаптағаны үшін, концлагерь үшін алғыс айтады. Біз Назарбаевқа алғыс айтамыз…Бүкіл әлем: ООН, АҚШ, Еуропалық Одақ, Түркия және басқа да көптеген елдер Қытайды этникалық қазақтарды, ұйғыр және қырғыздарды азаптайтын концлагерь үшін айыптайды…

Мухтар Аблязов