Новости

ҚЫТАЙҒА ЖЕР БЕРІП, ҚАЗАҚТЫҢ КЕЛЕШЕГІНЕ БАЛТА ШАПҚАН ЖИҺАЗ

Осы Тоқаевқа дауыс беремін деген адамдарға мен таң қаламын.

Түсінсем бұйырмасын, жылдар бойы елді қанаумен айналысқан, жауыз диктатордың сөздерін еш уақытта теріске шығармаған, енжар адамнан не күтесіз ? Cоны бір мықты саясаткер санайсыз ба, шынымен? Ол саясаткер емес, ол Назарбаевтың қолындағы қуыршақ ! Халыққа жаны ашып, бірде-бір жаңашыл реформаны іске асырмағаны былай тұрсын, халықтың пікіріне қолын бір-ақ сілтеп, Астанаға қайдағы жоқ атау беріп, халықты мазақ еткен адамды қалай президент болуға лайық деп айта аласыз ? Халық қамын ойласа, қанша жыл бойы Қытайға жер таратып жатқанда қайда қарап калыпты ?

Жерді Қытайға беру жайлы биліктің бассыз шешімін –жан-тәнімен қорғаған да сол !

Диктатор қазақтың жерін сату туралы сұмдық ойын, сол Тоқаев арқылы жүзеге асырмақ болып отыр. Бұрын да халықты түрлі айламен талай алдаған жауыз, осы жолы да Тоқаевқа жұртқа жақпайтын жексұрын реформаларын жүзеге асыртқызып, кейін оның орнына өз қызын қоймақ.

Халықтың дер кезіндегі дүрлігуі болмағанда, жерді әлдеқашан сатып қойған болар еді. Бірақ, қауіп әлі сейілген жоқ. Қытаймен сөз байласып қойған, қарызға белшесінен батқан мүсәпір биліктің шегінер жолы жоқ. Бәріміз бірігіп, бұл билікті толықтай ауыстырмасақ, түптің түбінде түрлі айла-шарғымен қытайларға берген уәдесін орындап, халық жерін талан-таражға салуы сөзсіз.

Бірлігі бар ел – бұзылмас !