Политика

ҚЫМБАТТЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР!

10-шы мамыр күні ДВК өзінің бірінші митингісін өткізеді.
Біздің талап:
«АЗАПТАУ ТОҚТАТЫЛСЫН!»
«САЯСИ ТҰТҚЫНДАРҒА БОСТАНДЫҚ БЕРІЛСІН!»
Осы талаптармен біз еліміздің барлық ірі қалаларында митингке шығамыз.
ГУЛАГ системасы қазіргі режимнің тұсында жауыз гестапоның концлагеріне айналды. Назарбаев осындай жазалау концлагерінің қатігездігін көрсетіп, қоғамды ашық қорқытып отыр. Өз режимімен келіспегендердің көзін жойып, қатігез режимі арқылы біздің бойымызда жасықтық пен құлдық сананы қалыптастыруда. Назарбаев өз режимін қорқыту мен жазалау үшін әдейі орнатты.
Қазақстан түрмелерінде адам рухын сындырып, оларды азаптап, өмірлерін құртып жатқанын, өзім осындай түрмелерде отырғандықтан жақсы білемін. Қазақстанда саяси тұтқындардың саны жыл санап өсіп келеді. Мыңдаған адамдар жазықсыз азапталуда. Назарбаевтың концлагерінде олардың құқықтары аяусыз тапталып жатыр.

ҚЫМБАТТЫ ОТАНДАСТАР!

Болашақ үшін, ел үшін, балаларымыздың бостандығы үшін ел азаматтарын 10-шы мамырда өтетін митингке шақырамын.

Белсенді болыңыздар! Үнсіз қалу – қылмыскер режимнің адамды азаптауына жол беру. Қоғамның үнсіздігі – жемқор, мафиоздық режимнің өмірін ұзартуда. Өз даусымызды билікке естіртетін уақыт келді.
ӨЗГЕРІСТІ БІРГЕ ЖАСАЙЫҚ!
Біз – ДВК, адам құқығы сақталатын парламенттік елді тұрғызамыз. Адам құқығын сақтауға парламенттік жүйедегі халық билігі кепіл болады.
ҚАЗАҚСТАНДА АЗАПТАУҒА ЖОЛ ЖОҚ!
САЯСИ ТҰТҚЫНДАРҒА БОСТАНДЫҚ!
АЛҒА #ДВК!
Мухтар Аблязов