Новости

ШАЛ ТАРИХТА ҚАЗАҚ ҰЛТЫН ҚЫТАЙДАН АЗАТ ЕТУШІ ТҰЛҒА РЕТІНДЕ ҚАЛҒЫСЫ КЕЛЕДІ!

Бүгін еліміздегі бір топ азаматтар, Қытайдағы қазақ мәселесі бойынша Үрімшіге ұшады. Олар Қытайдағы Үрімші, Бейжін, Уханда қалаларында кездесулер өткізуді жоспарлап отыр.

Бұл делегацияны ұйымдастырған ҚХР Сыртқы істер министрлігі мен Қытайдың Қазақстандағы елшілігі мен консулдығы. Делегация құрамына партиялар мен қоғамдық ұйымдардың, ҚР жазушылар одағының, Дүниежүзі қазақ қауымдастығының, тағы басқада зиялы қауым өкілдері қамтылған екен.

Соңғы кезде шалдың беделі өз халқының алдында түсіп кеткеннен соң, қалайда шалдың беделін көтеру үшін, енді бұлар жалған, жасанды «айдаhар» операциясын жүзеге асырмақшы.

Біріншіден Сайрагүл Сауытбайды ҰҚК- і ұстап, Қазақстан соты шартты жаза беру арқылы босатуын Қазақстан сыртқы істер министрлігі мен қанішер шалдың ресми Пекинге жасаған соңғы сапарының нәтижесінде жəне Қытайдағы саяси үйрену түрмелерінен қазақтардың босатылуы (ата- жұрт еріктілері мүшелерінің ғаламтор-əлеуметтік желілерде таратқан мəлімдемерінде, шамамен 10-мыңдай қазақ қытай түрмелерінен азат етілуі мүмкін) “Елбасының “арқасында деген ақпарат қазақ еліне қытайдың 51- зауыт өндірістерін халықпен санаспай кіргізген жəне халықтың Атырауда жаппай бейбіт митингке шығуының нәтижесінде уақытша жерге мораторий енгізуі мәжбүр болған ұры- сатқын шалдың кезекті халықты алдау саясаты екені даусыз.

Екіншіден шалдың өзі құрған «Жаңа Қазақстан» партиясы осыларды жүзеге асырады. Жалған партия осылай халықтың сенімі мен бүкіл зиялы қауымның қолдауына ие болып шыға келеді. Шал қалайда халықтың басын біріктірмес үшін және #ҚДТ #ДВК қозғалысына қарсы істеп отырған әрекеті екені сөзсіз.
Үшіншіден шал Қазақстанның жер- байлығын əкесінен қалған мұра сияқты үлестіріп берген қытай үкіметі неге қытай қазақтарын қудалап түрмеге тығады? Ақыл мен логикаға қайшы Қытай үкіметінің бұл əрекетін Ци Сзинпиньнің ағасы болған, ұры Назарбаевтың қытайдағы қазақтардың қудалануы мен құқықтарының бұзылуына тікелей өзі нұсқау беріп, соңынан келісім арқылы босатуылуын, шалдың бұл сайқал саясат-жоба арқылы (Жаңаөзен геноциді мен саяси-оппоненттерін өлтіргенін ұмыттыру үшін) тарихта қазақ ұлтын азат етуші тұлға ретінде қалуын қамтамасыз етеді.

Қытайға шалдың тапсырмасын орындау үшін аттанған адамдардың барлық жол шығынын мемлекет қазынасынан төленеді.
Алға #Қазақстан!