Политика

Құрметті қазақстандықтар!

Бүгін мен сіздерді бірігуге шақырамын!

Назарбаев режимі біздің елден, сізден, менен, біздің балаларымыздан отыз жыл тартып алды.
Гүлденген мемлекет , тәуелсіз ұлт болу мүмкіндігін тартып алды. Қазақстан кең байтақ және бай ел. Бірақ біздің барлық ұлттық қазына бір отбасын байытуға, халық туралы ешқашан ойламаған сатқындарға қызмет етті.

Мен сіздерді еліміздің иесі болуға шақырамын!

Халық өз алаңына шығып, бірікпегенше, ешқандай референдум, ешқандай манифест немесе декларация ештеңені өзгертпейді.

Біз көптеген елдің мысалында, халық өз тағдырын бейбіт наразылықтарға жаппай шыққанда ғана шешетінін көрдік

Бұл режимнің жоспарлары белгілі – олар халқымызды Құлға айналдырып, Қазақстанды меншіктеп алмақ. Біздің жеріміз бен байлығымызды өз пайдасы үшін бөтен жерліктерге таратып жатыр.

1- мамыр, сағат бірде, талаптарымызды білдіру үшін митингке шығамыз.
Нұр-сұлтан-Менің Астанам емес!

Тоқаев -менің Президентім емес!
Дариға – менің спикерім емес !
Менің таңдауым бар! Біздің таңдауымыз бар!
Біз атом электр станциясын салуға қарсымыз.
Біз Қытай зауыттарын салуға қарсымыз.

Назарбаев 9 маусымда Қазақстанды монархиялық сұлтанат деп жариялайды. Ол билікті өз қызы Дариғаға, жалған сайлаумен тапсырғысы келеді. Тек бәріміз бірігіп,жаппай акцияға шықсақ – бұл бассыздықты тоқтата аламыз

Мен сіздердің әрқайсыңызға үндеу жолдаймын : : Қазақстанды құтқару үшін бірігіңіздер!
Балаларымыздың болашағы үшін.
Жоғалған мүмкіндіктерді қайтару үшін.
Қарызсыз, молшылықта өмір сүру үшін.
Тегін білім мен медицинаға қол жеткізу үшін.
Парламенттік демократиялық мемлекет құру үшін.

БІРІГІҢІЗДЕР!

Дамыған, бай мемлекетке айналу үшін не керек – бізде соның бәрі бар. Қорқыныш пен күмәнді жеңу ғана қалды. Біз. Қазақстан халқы – өзіміз және болашақ ұрпағымыз үшін еліміздің байлығын сақтап, арттыра алатын күш екенімізге сенуіміз керек.

1- мамыр. Сағат бірде. Еліміздің алаңдары мен көшелерінде кездесейік, халайық!

АЛҒА ҚАЗАҚСТАН!