Новости

ПТУШНИК ШАЛ, АВРААМ ЛИНКОЛЬННІҢ ТАҒЫН ТАРТЫП АЛДЫ!

Авраам Линкольн АҚШ-ның 16-президенті болған ірі тұлға. Ол америка құлдарына бостандық әперген және америка халқының ұлттық батыры болған, ұлы президент.

Шал, алып Қазақстанның ұры президенті. Отыз жылдан бері Қазақстан халқын құлға айналдырған зұлым диктатор! Шал керісінше қазақ халқының тарихы мен жадында ұры, сатқын, зұлым болып есте қалады. Қазақстанды жаңғыртамын деп, халықты қаңғыртты. Алтынбек пен Заманбекті атып өлтірді. Жаңаөзен халқының қанын суша төккен нағыз жауыз жендет! Шал қазақ халқына еркіндік емес, қайта зұлымдық пен қасірет әкелген сұм! Шал өзінен ақылды адамдарды жек көреді. Шындықты айтқан адамдарды жауындай санайды. Небір қазақтың ақылды, білімді, дарынды ұлдары мен қыздарын түрмеге қамап және кейбіреулері осы күнге дейін шетелдерде қуғында жүр. Шал халыққа еркіндік емес, құлдық пен сұмдық сыйлады. Шал өзінің жоңғарлығымен Қазақстан халқын құлға айналдырып, мемлекетті түнекке кіргізді. Отыз жылдан бері халыққа қызмет істеп, әлеуметтік жағдайын көтерудің орнына, тек өзі мен туған туыстарын және өзінің жағымпаздарын байытты. Халыққа берген түгі де жоқ. Керісінше жұмыссыздық пен кедейшілікті берді. Шал халық үшін- жұт болды!

Шалдың алжығаны соншалықты, өзін американың президентімен салыстырып, Авраам Линкольннің отырған тағын, ұрлап тартып алды. Шал тек Қазақстанды лақтырған жоқ, ол американың президентін де лақтырды. Шалдың қолынан тек ұрлау, тонау, атып өлтіру, түрмеге отырғызу және халықты құлдықта ұстап, мемлекетті тонау ғана келеді. Шалдың халық алдында жауап беретін кезі келді! Біз еркін халықпыз! Шалдың құлы емеспіз! Шалды орынан босату қылмыс емес! Керісінше шалға осыншама шексіз еркіндік беру-қылмыс!

Шалдың қылмысы үшін түрмеге отырғызу керек! Біз біріксек үлкен күшке айналамыз! Күш бірлікте!
Оян Қазақ баласы! Оян халық! Оян Қазақстан!
Алға#Қазақстан

Мухтар Аблязов