Аналитика

Осы парақшаны ел ішінде тарат

ҚДТ қозғалысының құрметті мүшелері және біздің көзқарасымыз бен мақсатымызды қолдайтындар!
Елдегі жағдайға немқұрайлы қарамайтын барлық азаматтар!

Біздің бағдарлама мен реформамыз туралы ақпаратты таныстарыңыз, достарыңыз бен туыстарыңыздың арасында таратыңыздар. Сіздер оларды оятуларыңыз қажет, ұзақ ұйқыдан оянуға түрткі болыңыздар.

Олардың үйлерінде Назарбаевтың “хабарын” өшіріп, оның орнына ҚДТ қозғалысының айтқан шындығын қосыңыздар! 28 жыл бойы қалай алдап келгенін білсін! Қазіргі таңдағы күресте, халықты ояту бәріміз үшін ең маңызды мәселе деп есептеймін!

Халық болып жатқан жағдайдың себебін түсінгенде және әркім өзі үшін кіммен бірге болғысы келетінін – ескі шіріп кеткен билікпен бе немесе демократиялық болашақты таңдай ма, осыны саралап анықтағанда, біздің санымыз миллиондаған болады!

Бізбен бірге ақпарат алаңында күреске шығыңыздар!
Бірге дайындаған ақпарат парақшаларын таратыңыздар. Біз бір-бірімізге қолдау көрсетуіміз қажет!