Аналитика Видео

Обращение к членам ДВК

Дорогие друзья! Всем огромное спасибо за поддержку!

По сути мы только в начале нашего общегражданского движения. Наша цель – сплотить народ вокруг ДВК и добиться смены режима.

Задача номер один на сегодня и ближайшие месяцы – это открыть глаза населению Казахстана на очевидные вещи:

1. Мы обладаем богатейшими природными ресурсами, и при этом живем очень бедно.

2. Имея такие возможности, мы должны жить, как минимум, на уровне Чехии или Польши !

3. Все, что обещал Назарбаев 25 лет назад – не выполнено, а значит и то, что он дальше обещает – это тоже сказки!

4. Все богатства и крупные предприятия Казахстана принадлежат семье Назарбаева и его ближайшему окружению!

5. В стране не осталось и намека на демократию. У нас отобрали все гражданские права – свободу слова, свободу вероисповедания, свободу митингов! Конституция переписана в пользу одного человека: Назарбаева и его семьи.

Так дальше не может продолжаться. Мы должны это изменить!

В стране нет никакой силы, кроме народной, которая сможет прогнать эту воровскую власть. ДВК выступает с народом и только в интересах народа!

ҚДТ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІНЕ ҮНДЕУ

Құрметті достар! Қолдау көрсеткендеріңіз үшін көп рахмет!
YouTube желісіндегі ақпаратты миллион рет көргендеріңіз үшін ерекше алғыс! Шын мәнінде біз жалпы қоғамдық қозғалыстың бастапқы қадамын ғана жасадық.

Біздің мақсатымыз – ҚДТ қозғалысының қатарына халықты біріктіріп, режимді өзгертуге қол жеткізу.
Қоғамдағы айқын көрініп тұрған мәселереге Қазақстан халқының көзін ашу – бірінші кезектегі мақсат болып табылады:

1. Біз шикізат көздеріне бай болғанымен кедейшілікте өмір сүріп жатырмыз.

2. Осындай мүмкіндіктермен біз кем дегенде Чехия немесе Польша деңгейінде өмір сүруіміз керек!

3. Назарбаев 25 жыл бұрын берген уәдесін орындаған жоқ, демек, оның қазіргі берген уәделері де – жай ертегі!

4. Қазақстанның барлық байлығы мен ірі кәсіпорындары Назарбаевтың отбасының және оның айналасындағылардың меншігінде!

5. Елде демократияның тұспалы да жоқ. Сөз бостандығы, діни сенім бостандығы, митингтер өткізу бостандығы жоқ. Біздің барлық азаматтық құқықтарымызды тартып алды!

Назарбаев пен оның отбасының пайдасына Конституция қайта жазылды.
Мұндай жағдай ары қарай жалғаспауы керек.

Біз осыны өзгертуіміз қажет! Ұрлықшы билікті қуып шағатын елде тек бір күш бар – ол халықтың күші. ҚДТ қозғалысы халықпен бірге және тек халықтың мүддесін қорғайды.

ҚДТ қозғалысының құрметті мүшелері және біздің көзқарасымыз бен мақсатымызды қолдайтындар! Елдегі жағдайға немқұрайлы қарамайтын барлық азаматтар!

Біздің бағдарлама мен реформамыз туралы ақпаратты таныстарыңыз, достарыңыз бен туыстарыңыздың арасында таратыңыздар. Сіздер оларды оятуларыңыз қажет, ұзақ ұйқыдан оянуға түрткі болыңыздар. Олардың үйлерінде Назарбаевтың “хабарын” өшіріп, оның орнына ҚДТ қозғалысының айтқан шындығын қосыңыздар! 28 жыл бойы қалай алдап келгенін білсін! Қазіргі таңдағы күресте, халықты ояту бәріміз үшін ең маңызды мәселе деп есептеймін!

Халық болып жатқан жағдайдың себебін түсінгенде және әркім өзі үшін кіммен бірге болғысы келетінін – ескі шіріп кеткен билікпен бе немесе демократиялық болашақты таңдай ма, осыны саралап анықтағанда, біздің санымыз миллиондаған болады! Осыдан кейін наразылық акция мен әр түрлі митингiлер өткізіу кезеңі келеді! Сол кезде билік халықтың пікірімен санасуға мәжбүр болады. Егер біздің басымыз бірікпей, шашырап шағын топпенен белсенділік көрсетсек, бұл билік ондай ереуілді басып талқандайды. Бәрінің өз уақыты бар. Біз шешуші шайқасқа пісіп дайын болуымыз қажет! Тағы бір маңызды сәт – бізбен бірге ақпарат алаңында күреске шығыңыздар! Бірге дайындаған ақпарат парақшаларын таратыңыздар. Біз бір-бірімізге қолдау көрсетуіміз қажет!

ҚДТ ұйымдастыру комитеті
Мұқтар Әбіләзов
Болат Атабаев
Айдос Садықов

Мухтар Аблязов

/https://www.youtube.com/watch?v=P4w0Sqsus1g/