Новости

НАЗАРБАЕВТЫҢ ОРНАТҚАН РЕПРЕССИЯСЫ

Сотта Асет Нұржаубайды тергеуге алып жатыр.
Режимнің арамдығында шек жоқ. Прокурор мен сот, екі жақтап азаматты тергеп жатыр. Асеттің дауысы салмақты, кінәсі жоқ екеніне сенімді.
Тергеуден үзінді:
– Сіз ДВК идеясынан бас тартасыз ба?
– Жоқ, мен ДВК идеясын мойындаймын! Неге мен одан бас тартуым керек? Мен анамның зейнетақысының екі есе көп болғанын, адамдардың алатын еңбекақылары мен мына сіздердің жалақыларыңыздың көп болғанын қалаймын!
– Яғни, сіз ДВК идеясынан бас тарпайсыз?
– Ол идеядан мен бас тартпаймын.
– Яғни, сіз ДВК қозғалысын қолдайсыз ғой?
– Жоқ, ол қозғалысты экстремист деп анықтағанын білген соң, тек ДВК идеясын қолдаймын.

Не айтуға болады? Озбыр биліктің әрекеті:

“Әділдіктің” мантиясын кигендер мен иығына погон таққандар, ешқандай дәлелсіз, нақақтан-нақақ ДВК қозғалысын экстремист деп танып және ол шешімдерінің себеп, негіздерін ешкімге көрсетпей, өздері қабылдаған шешімге қарсы келдің деп, азаматтарды да экстремист жасамақшы.
Елдің экономикасын күшейтуді, әділдік пен заң жұмыс істейтін, еркін қимыл мен сөз бостандығы бар қоғамды тұрғызуды, халықтың әл-ауқатын арттыруды мақсат еткен ДВК идеясын экстремисттік идея деп тапса, билік өзінің көрсетіп келе жатқан зорлық пен зомбылығын, елді тонауын, адамдарға жала жабуын әділдік деп санайтын болғаны ма? Онда саналы ақыл-ой, адамдардың жақсылыққа ұмтылуы, қайырымдылық пен қамқоршылдық, адамгершілік, шындық деген ұғымдар бұл билікке жат болғаны ғой.
Олай болса кім экстремист? Анасының зейнетақысы көп болғанын қалаған ел азаматы ма? Өзінің жалған сөзін мойындату үшін қолындағы бар күшін азаматтардың бостандығын шектеуге жұмсап отырған билік па? Ал Ата Заң бойынша елдің иесі халық, билік оған қызметші. Зейнетақы мен еңбекақыны көбейте алмаса, елдің экономикасын дамыта алмаса халыққа не үшін керек мұндай озбыр билік? Ел азаматтары, жалпы халық парасатты ақыл-ойдан айырылған жоқ. Ол адамзаттың туа біткен болмысы. Сондықтан, ақты қара деп ешкім халықты алдай алмайды. Ұры биліктің шектен шыққан озбырлығы мен белден басқан менмендігі бәрімізді қажытты. Өзгеретін уақыт келді! Елді өзгертетін Халық! Ел болашағына әрқайсымыз жауаптымыз! Бірігетін күн туды!
Мухтар Аблязов