Новости

“Мен сіздің пікіріңізбен келіспеймін, бірақ сіздің сол пікірді айту құқығыңыз үшін өлуге дайынмын”. Вольтер

Ойлану қабілетінен кейін, өз пікірін жеткізу қабілеті адамды жануарлардан ерекшелендіретін ең керемет қасиет.

Ол – қоғам қаруы, қоғамды жетілдірудің жалғыз құралы, адамның білімге, бақытқа жету амалы.Ал көзі ашық,дамыған, саналы қоғам қазіргі билікке керек пе ? Мұндай қоғам оларға қауіпті.

Cол себепті біздің билік әрбір азаматты еркін сөйлеу құқығынан толықтай айырып отыр.

Біздің жастарымыз, өзінің қадір — қасиетін сақтап қалған әрбір адам тиранияның зұлымдығына, халықты қорлаушыларға қарсы тұра алатынын дәлелдеді.

Сіздің және сіздің балаларыңыздың болашағы үшін күрескен азаматтар әділсіз жазаланып жатыр.
Әділетсіздікті көріп отырып үндемеу, онымен күреспеу-сол Әділетсіздікпен қызметтесумен тең.
Есімізде болсын : Бір адамға қатысты жасалған әділетсіздік барлығымызға қауіп төндіреді.

Шындық пен сөз бостандығы барлық ақыл-ой мен жүректі біріктіреді.; сол кезде диктатура қоғамдық пікір мен ортақ ерік-жігердің күшінен шегінуге мәжбүр болады.

Сөз бостандығынан айыру-адамды қадір-қасиетінен, адамдық табиғатынан айыру. Бұл ұлы даланың ержүрек, қайсар ұрпақтарының табиғатымен мүлдем сыйыспайды.
Ақиқатқа даңғыл жол ашу уақыты келді. Халық аузына қақпақ қойып, қорлап, өз қылмыстарымен күллі елге қастық жасаған жауыз билікті тоқтатудың бір жолы ғана бар. Ол – бірігу.
Бірліктен айырылған ел қаңғып қалады.
Бірлігі мол ел- қамал бұзады.
Көп іске – көп болып жабылайық, ағайын.