Новости

МҰХТАРДЫ ЖОҢҒАР ШАЛДЫҢ ӨЛТІРУІНЕ ЖОЛ БЕРМЕЙІК!

Мен, Мұхтар Жакишевпен 17жасымнан бері доспын және оны жақсы білемін. Біз,Мұхтар екеуміз, Қазақ Ұлттық университетінде екі жарым жыл бірге оқыдық, одан кейін біз Москва физика-инженерлік институтына ауыстық. Екеуміз бір институтта оқығанымызбен, бірақ әр түрлі кафедрада оқыдық. Оның ата-анасы өте білімді, оқымысты және барлық өмірін ғылым жолына арнаған адамдар. Мұхтар жас кезінен бастап, өзін дарынды, оқымысты ғалым және мықты бизнесмен ретінде көрсете білді. Ол УРАН саласына жұмыс істеуге келгенде, ол кезде еліміздегі уран саласы жыларман жағдайда еді. Әлі есімде, 1998 жылдары мен энергетика министрлігіне жұмысқа келгеннен соң, бірнеше айдан кейін Мұхтар Жакишевке мен уран саласын бірге көтеруге көмектесуі үшін өтініш жасадым. Сол кезде маған өз бетінше жұмыс жасай алатын және жедел шешім қабылдай алатын адам керек болды. Өйткені,ол кездегі еліміздегі ауыр жағдай, жедел іс қимыл әрекеттерді қажет ететін. Ол кезде ол беделді бизнесмен болатын. Мен оған бизнесті тастап, еліміздегі ауыр жағдайда қалған уран саласын дамытуға ат салысуын өтіндім.

Ол кезде «Казатомпромның» жағдайы сын көтермейтін ауыр халде болатын. Мұхтар уран саласын өз қолына алғаннан кейін, аз уақыттың ішінде жағдай түбейгейлі өзгеріп, КАЗАТОМПРОМ әлем бойынша № 1орынға шықты.Әлем бойынша мақтан тұтатын, Қазақстандағы жалғыз мемлекеттік сала осы уран саласы болатын. Кезінде артта қалып, бар жоғы $ 8 млн. долларға Ресейге сатылып кете жаздау қауіпінен аман алып қалып, осы уран саласын әлемдегі бірінші орынға шығарып, елімізге миллиондаған доллар пайда әкелген, бірінші нөмерлі сала, осы Казатомпром еді. Халықаралық нарық әлемі, Мұхтарды «уран данышпаны» деп атады. Міне,Мұхтар Жакишев туралы қысқаша анықтама осы.

Мұхтар Жакишев кезінде уран саласының Ресейдің қолына өтіп кетпеуі үшін күрескен адам.
Кезінде өзінің білімділігі мен іскерлігімен әлемді мойындатқан Мұхтарды, қазір ЖОҢҒАР ШАЛ түрмеде әдейі қасақана зорлық-зомбылық жасап, жайлап өлтіріп жатыр. Мұхтарды қайдағы білімсіз, дарынсыз шалдың өлтіруіне жол бермейік!

ОЯН ҚАЗАҚ!
МҰХТАРДЫ ҚҰТҚАРАЙЫҚ!
Алға# Қазақстан!