Новости

ҰЛЫ ДАЛА ПАТШАЙЫМЫ

Ұлы ханның жобасындағы жаңа патшайымды тағайындау процессі жоспарға сәйкес жүзеге асырылуда. Арнайы дайындалған блогерлер мен қоғам пікірін қалыптастырушы үлкен топтар әдейі түрлі президенттікке үміткерлерді жарнамалап, халықтың санасын улау тәсілімен негізгі кандидаттан назарын аулақ ұстауда.

23 күні «Ұры Отан» партиясынан кандидат ретінде Дариға Назарбаева ұсынылып, Назарбаев кланы билік басында тағы да ұзақ жылдарға отырудың негізгі процессі басталады.

Сол мақсатта, 17 сәуір күні Ақан Сатаев өзінің «Томирис» атты бейне баянының ресми постерін жарнамалауды ғаламторда кеңінен бастап кетті. Мақсат бір – Қазақстанды әйел адам басқара алады деген ұғымды халыққа жеткізу.

«Томирис» фильмі билік басындағылардың Владимир Зеленскийдің сайлау алды саясатын көшіруі екендігі анық. Нақты айтқанда, сайлау алдында Зеленский сериалдың жаңа маусымының 3 сериясын интернет желілерінде кеңінен таралымға ұсынылды. Сериалды Украиналықтардың санасына тек өзінен басқа президент елді көтере алмайды деген ой жеткізді.

Бұл дегеніміз «Томирис» фильмінің үзінділері сайлау алдында кеңінен жарық көріп, Дариғаның сайлау алды жарнама жұмыстарындарының негізгі бағыттарының бірі болып табылатының белгісі емес пе?

Бізге жаңашылдық қажет, Назарбаевтардың өтірігіне тойдық. Бірігіп мемлекетті азғыруға бағытталған саясатқа қарсы шықпасақ, біз үшін оны ешкім жасап бермейді. Халық негізгі күш, 100 мың адам көшеге шыққанда, әскер де, полиция қызметкері де халық қатарында болады. Барлығы шаршады, бәрі тек бір күнді аңсап жүр.

23 сәуірде Дариғаны ұсынылуы 9 маусымда дауыс бермей-ақ қоюға болады дегенмен тең. Себебі осы уақытқа дейін Қазақстанда жалпыхалықтық бір де бір әділ сайлау өткен емес. Сол себепті, 23 сәуірде Дариғаның үміткер ретінде ұсынулы, ол оның Қазақстанның патшайымы болды дегені.

Құрметті отандастар, елімізде болып жатқан әділетсіздік пен халықтың пікіріне түкірген елбасқарушыларға нағыз күшті көрсететін уақыт келді. Сол себепті, 1 мамыр күні жоспарланған бейбіт митингке қатысуға бүгіннен бастап дайындалуға шақырамыз!

Мухтар Аблязов