Новости

ҚДТ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ВОЛОНТЕРЛЕРІНЕ ҮНДЕУ

Біздің қозғалысымыз күн санап күш жинап келеді, соған байланысты жұмыс ауқымы да көбейуде. ҚДТ қозғалысының ақпарат жобаларын бізбен бірге жасағысы келетін және көмек бере алатын кәсіпқой мамандарға үндеу тастаймыз. Біз көп көлемде жинаған мағұлматтарды ұтымды беріп, жаппай таратуымыз қажет. ҚДТ қозғалысының жоспарлары мен идеясын жүзеге асыруға, өз уақытын бөліп қолдау көрсете алатын шығармашылық энергияға толы белсенділерді іздестірудеміз. Әлеуметтік желіде тарату үшін, сауатты және түсінікті жаза алатын, бейнероликтерді жасау мен басқа да саяси өнер өнімдерін шығару қолынан келетін шығармашылық адамдар қажет. Біз үшін ең маңыздысы – сіздердің қатысуларыңыздың қауіпсіз болуы, осыған орай байланыс алаңы ретінде біз Телеграммды таңдадық, ол жерде сіздермен @DVKvolonter модераторы жұмыс жасайтын болады. Сіздер де қауіпсіз байланыстарды пайдаланып, Телеграммдағы @DVKvolonter-ге жазғандарыңыз дұрыс. Егер жұмыстарыңыздың үлгілерін, жинақталған ұсыныс пен идеяларыңызды жіберсеңіздер, біз ризашылығымызды білдіреміз.

ӨЗГЕРЕТІН УАҚЫТ КЕЛДІ! ЕЛДІ БІРГЕ ӨЗГЕРТЕЙІК.

АЛҒА #ҚДТ!

Мухтар Аблязов