Новости

ДАРЫНСЫЗ БИЛІКТІҢ ӘР ЖАСАҒАН ҚАДАМЫ, ҚЫЛМЫС ПЕН АПАТ ӘКЕЛУДЕ!

Оппозициалық белсенді Алмат Жұмағұлов туралы жаңа қаулы шықты. Енді Алматқа ҚР ҚК 256 бап, 2 бөлігіне қосымша, 174 баптың 1 бөлігін ілді.

Алматқа алғашқыда терроризімге үндеу туралы парақшаларды дайындаған және оны тарату мақсатында сақтаған деп жала жабылды. (ҚР ҚК 256 б. 2б)

Ал енді оған қосымша ұлт аралық араздықты қоздырды деп (174 б. 1б) қосымша тағы да жала жабылды.

Биліктің осындай масқара түрде заңды бұрмалауы, олардың әлсіздігін, топастығын және қылмыскер екенін өздері күннен-күнге осылай масқара істерімен дәлелдеуде. Дарынсыз биліктің әр қадамы қылмыс пен сотқарлыққа толы. Сотқар, қылмыскер, дарынсыз билік, күнде ҚР белсенді азаматтарының және қарапайым адамнык тағдырын заңды бұрмалап қатігездікпен сындыруда.
Биліктің әр жасаған қадамы апат әкелуде!