Новости

ДАРИҒАНЫҢ ЗАҢДЫ РАСТАУЫ (РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН РҰҚСАТЫ) ТУРАЛЫ

Жоқ нәрсені айтатын адамдарды қалай атайды? Немесе жоқ шындықты ойлап табатындарды? Егер бұл фантаст-жазушылар немесе режиссерлер болмаса, онда мұндай адамдарды өтірікші немесе есі ауысқан деп атайды. Эвфемизм қолданатын болсақ, қиялшыл мен бос сөздің адамы.

Ал егер бұл адам басқа адамдардың орнына сөз сөйлесе? Өзгелерді сұрамай-ақ, олардың ойларында не болып жатқанын білмей жатып сөйлесе. Онда бұл адамның есімі – Дариға.

Ол сахнаға, яғни трибунаға шығып, былай дейді: “қоғам Елбасының стратегиялық бағытының мираскерлігін заңды түрде Растауды күтеді!»

Адамның ойында пайда болатын бірінші сұрақ ” ол не деді өзі? “Мираскерліктің қандай да бір стратегиялық заңдылығы… мираскерліктің стратегиялық заңдылығы… стратегияның заңды мираскерлігі… Өзің не айтқаныңды түсіндің бе? 🤣.

Барлық сөздер жеке тұрса түсінікті, ал оларды біріктірген кезде, бұл қандай да бір нұротандық сандырақ екенін түсінесің.

Жоқ, сіз ойланып қараңызшы: сайлау туралы сөз болып отыр, онда сайлаушыларға жасырын дауыс беру арқылы еркін ерік-жігеріне кепілдік беріледі. Әдетте сайлаушы нені қалайтыны сайлаудан кейін ғана белгілі болады.

Ал Дариға, егер оның бытысып кеткен сөйлемін әдеттегі тілге аударса, былай дейді: “халық Назарбаевтың елде ешнәрсе өзгертпей, өзі жасағанды айнытпай қайталайтын мұрагерді тағайындауын күтеді”.

Жалпы, біз ойланған соң… мен шештім. Сіз мемлекетке бұдан да көп ақша төлегіңіз келеді. Бағаның одан да көп өсуін,cыбайлас жемқорлық одан да көп болуын, Экономиканың бұдан да қатты нашарлауын, барлығы да “Нұрсұлтан” деп аталуын қалайсыз. Басқаша ойлаған үшін қудалаулардың бұдан да көп болуын қалайсыз. Бірақ Ақ Орда одан да мол және бай болуын, билікке жақын адамдардың бұдан да дәмді ішіп-жегенін, ал теледидарда таңертең, күндіз және кешке молшылықтың суретін көрсетуін қалайсыз.

Жалпы, бәрі “сырты бүтін, іші түтін” болуы керек.

Сізге осы керек қой, солай емес пе?

Мухтар Аблязов