Новости

ҚАЗАҚТЫҢ САТҚЫНЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Халықты қалжыратқан қатерлі дерт – Қытайда Достық орденімен марапатталды.

Қу басының қамын ойлап, қытайдың ақшасына қызыққан шал, елімізді қытайға сатып, сол үшін медаль алып, мәз болып жүр.

Жауыз шалдың мойнындағы медаль, келер жылдары бізді әлі қылқындырар..

О бастан Қытайлар, жұмсақ шарттармен, Қазақстанға қарыз беруге өздері ықылас білдірген.

Бұл келісімдер Қытай тарапынан Қазақстанды кіріптарлыққа мәжбүр ететін шарттарға толы.

Қаптаған қара халқын өз жеріне сыйдыра алмаған қытай, қазақтың кең байтақ жеріне көз сұғын қадады. Енді қазақтың жерін қанжығасына байлап алып, халқын құлына айналдырмақ.

Қытай біздің елге енуді «Жібек жолын жаңғырту», «Бір белдеу, бір жол» жоспарлары, елімізде 51 жаңа кәсіпорын ашу жобалары арқылы жүзеге асырмақ,біздің қақпас шалдың қолдауымен, әрине.

Қытай қазақ жеріне енуді толық бастағанда, қазақтарды қытайландыруын бастайды, шал мен оның топас қызының халыққа қытай тілін оқыңдар деп қақсау себебі сол : екі сұмырай сатқын қытайлардың қазақтарды тілінен дінінен бездіруіне дайындап жатыр.

Қандастарымызға қиянаттың небір сорақы түрлерімен, сұмдықты жасап жатқан қытайдан қандай қайыр ?

Билікті қантөгіссіз, бейбіт өзгерту мүмкіндігі бар сәтте, бірігіп, көшеге шығуымыз қажет.
Жарқын болашаққа батыл қадамды қазір жасамасақ, династиялық биліктің, одан соң қытайдың құлы боламыз..

Сондықтан 1- мамыр, сағат 13:00 де митингке шығайық!

АЛҒА #ҚАЗАҚСТАН!

Мухтар Аблязов