Новости

ҚАЗАҚСТАНДА СОҒЫССЫЗ-АҚ АСТЫРТЫН ГЕНОЦИД ЖҮРУДЕ!

Достар, мына сұмдық жағдайға назар аударыңыздар!
Жоңғар шалдың отыз жыл бойы ел басқарған кездегі Қазақстан халқының қаза болған санын есептеп шықтым.
Статистика бойынша:
жол апатынан қаза болғандар 100 000 адамнан асады,
өз-өзіне қол салып суицидтен қайтыс болғандар саны 150 000 адамнан асады,
адам қолынан қаза тапқандар саны 100 000 адамнан асып кеткен,
жаңа туылған нәрестелер өлімі 10 000 асады
аналар өлімі 25 000 адамнан асады
Барлығы: 385 000 мың адамнан асады.
Бұл тек статистика бойынша есепке алынған сандар ғана.
Өздеріңіз білесіздер, ұры билік бұндай цифрларды әрқашанда төмен беріп отыратынын. Мына келтірілген цифрлар бұдан да әлдеқайда жоғары болуы мүмкін.
Бұл жерге өз ажалы мен түрлі аурулардан қайтыс болғандарды қосып отырғаным жоқ.
Педофилдер мен зорлық-зомбылықтың құрбандарын да қосып отырғаным жоқ.
Бізді ұры билік әрқашанда Сирия мен Украинадағы болған соғыстарман қорқытып отырады. Онда салыстырмалы түрде осы елдердегі соғыстың салдарынан қайтыс болған адамдардың саны мен бейбіт өмірде ешқандай соғыссыз-ақ, қынадай қырылып жатқан Қазақстанның халқын салыстырып көріңіздер.
Соғыс болған елдердегі ООН-ға есеп берген кезде қайтыс болған адамдардың саны
Сирия: 200 000 жуық адам өмірден озған.
Украинада: 20 000 жуық адам
Ал Қазақстанда ешқандай соғыссыз-ақ, бейбіт өмірде өлген адамдардың саны: 385 000 мың адамнан асады.
Қазақстан халқының көбеймей керісінше кері кетіп жатқаны қайғылы жағдай.
Демек бізде астыртын геноцид жүріп жатыр деген сөз.
Егер біз осылай әрекетсіз отыра берсек, онда бізді осылай билік көзімізді жоя береді. Маған сенбесеңіздер желіден тексеріп көрулеріңізге болады.
Қазақ сен қашан оянасың?
Шал соғыссыз-ақ елімізге зұлмат әкелуде.
Ояныңдар!
Мухтар Аблязов