Новости

ҚАЙСАР ҚАЗАҚ ҚЫЗДАРЫ

Асыл аруларымыз қаһармандықтың даңғыл жолын салуда.

Осындай алып тұлғалы, жүрек жұтқан нәзік жандарға ризамын.

Өз қарақан басынан бұрын, ел қамын ойлап, ана үшін, бала үшін, жары үшін, үміті мен тілегін біріктіріп, ерлік жасаған Айгүл Ақбердіні атап өткім келеді.

Тайсалмай табандылық көрсеткен қара көз қарындасымыздың бұл ерлігі күллі елді жігерлендіріп, үміт отын жақты. Айгүл мәңгілік ел есінде аңыз болып қалып, оны cан ұрпақ үлгі тұтатын болады.

Қызы батыр ел – ұлы ел деген сөз бар.Біз ұлы елміз, ұры биліктен арылу ғана қалды.
Жаңа дәуір бастап, Жауыздан азаттық алып, қазақ аспанында жеңіс жалауын желбіретуге, егеменді ел болуға бекіндік.

Қазақ жерін елін қорғайтын айбынды арулар, батыр жігіттеріміз бар екеніне бәріміздің көзіміз жетті.

Қазақ үшін ақ аспан ашылғандай менде ыстық сезім пайда болды. Ел артқан бар сенімді ақтап, барлық күшімізді, жігерімізді біріктіріп, болашақты абыроймен сақтап шығатынымызға сенемін.