Политика

АҚТАУДА БҮКІЛ ОТБАСЫМЕН ТҮРМЕГЕ ОТЫРҒЫЗУ ЕТЕК АЛУДА!

Қазір Ақтау қаласында өзінің отбасы мен күйеуін қорғағаны үшін Айгүл Акбердінің үстінен ҚР ҚК 179 бап 2 бөлігі бойынша «Билікті басып алуды немесе ұстап тұруды насихаттау немесе оған жария түрде шақыру, сол сияқты билікті басып алу немесе ұстап тұру не Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгерту» деп қылмыстық іс қозғалуда.

Бұдан бұрынырақ Айгүлдің күйеуі, саяси тұтқын Абловас Жұмаев ҚР ҚК 179-2 және 174 баптарымен айыпталып, ол қазіргі уақытта қамауда отыр.
Абловас Жұмаевтың бар айыбы САЯСИ ТҰТҚЫНДАРДЫ түрмеде АЗАПТАУҒА ҚАРСЫ көзқарасы үшін және САЯСИ ТҰТҚЫНДАРҒА БОСТАНДЫҚ БЕРІЛСІН деп митингіге қатысқаны үшін айыпталып, билік тарапынан қуғынға түсіп отыр.

Әзірше Айгүл уақытша бостандықта.
Осы отансүйгіш патриот отбасы, кәмелет жасында толмаған төрт баланы тәрбиелеуде.
Осы тамаша үлгілі отбасын, назарбаевтың сұрқия тобы, конституциялық құрылысты күштеп өзгертпекші болды деп айыптап отыр.
Ойланыңыздар! Қазақстан концлагерге айналуда!

Оларға 5 жыл мерзімнен 10 жылға дейін түрмеге қамалу қатері төнуде!
Сондықтан Ақтау қаласының тұрғындары мен қонақтары және патриоттар, осы жағдайға бей-жай қарай алмайтын азаматтар, сіздерден өтініш осы тамаша отбасына қолдау мен сүйеу көрсетіңіздер!
Сотқа келіңіздер!
Еліміздің тағдыры шешілу кезінде, немқұрайлы болмаңыздар! Бұл бәрімізге ортақ іс!

Алға #Қазақстан!
#Жұмаевтарға #Бостандық #АйгүлАқберді #АбловасЖұмаев #FreeDzhumaev #AblovasDzhumaev #AigulAkberdi