Политика

23 МАУСЫМДА ТЕГІН БІЛІМ АЛУ ҮШІН, ЖАЛПЫҚАЗАҚСТАНДЫҚ МИТИНГКЕ ШЫҚ!

Біз, Қазақстанның Демократиялық Таңдауы (ҚДТ) 23 маусымда жалпықазақстандық митингі өткізуді ұйымдастырамыз.

Митингі Қазақстанның барлық ірі қалалары мен кіші қалаларында және аудан орталықтарында өтетін болады.

Өтетін уақыты мен орындарды біз қосымша хабарлайтын боламыз.

Біздің басты мақсаттарымыз бен талаптарымыз

Біріншіден: мемлекет жоғары және орта білім беруді, жастар үшін тегін болуын және осы шығындарды мемлекеттің төлеуін талап етеміз!

Екіншіден: барлық білім алатын студенттер үшін, мемлекеттік және жеке оқу орындары, әр студентке 50 000 мың теңге степендия төлеуін талап етеміз!

Үшіншіден: біз студенттердің білім алу кезеңдеріндегі пәтер ақы 30 000 мың теңгені, жоғары және орта білім беретін барлық оқу орындары, студенттерді демеп қолдау үшін мемлекеттің төлеуін талап етеміз!

Төртіншіден: бала –бақша тәрбиешілерінің дәрежесі, мұғалімдермен бірдей теңестірілсін! Барлық білім беретін жоғары және орта оқу орындарының мұғалімдері мен тәрбиешілерінің айлық жалақылары екі есе көтерілуін талап етеміз!

Бесіншіден: мектептердегі 1-4 класс оқушыларының тегін асын қайтаруды талап етеміз! (кезінде сараң билік «мемлекетте ақша жоқ» деп балалардың асын, тартып алған болатын)

Біздің ең басты осы қойылған бес талаптарымызды, мемлекет билігі жедел түрде 1 қыркүйекке дейін орындауларын талап етеміз!

Білім-әлемдегі ең қуатты қару!

Тегін білім алуды талап ету, адамдық міндетіміз бен құқығымыз!

23 маусымда осы қойылған бес талапты орындату үшін, жалпықазақстандық митингке шық!
АЛҒА #ДВК!